Нысанның өзгерістерін алдыңғы тексеруге шегіндіру

Қажет болса, нысанның өзгерістерін шегіндіруге болады. Мысалы, саясат параметрлерін белгілі бір күндегі күйге кері қайтару қажет болып қалуы мүмкін.

Нысан өзгерістерін шегіндіру үшін:

  1. Нысан сипаттары терезесінде Тексерістер журналы қойыншасына өтіңіз.
  2. Нысанды тексеру тізімінде, өзгерістерін шегіндіру қажет болған тексеруді таңдаңыз.
  3. Шегіндіру түймесін басыңыз.
  4. Операцияны растау үшін OK түймесін басыңыз.

Таңдалған тексеруге шегіндіру орын алады. Нысанды тексеру тізімінде орындалған әрекет туралы жазба көрсетіледі. Тексеру сипаттамасында, нысанды қайтарған тексеру нөмірі туралы ақпарат көрсетіледі.

Шегіндіру операциясы тек саясат пен тапсырмалар үшін қолжетімді.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу